"Қайрақ" бекетінде аса ірі көлемдегі контрабандалық тауар тәркіленді

ҰҚК Шекара қызметі облыстық департаментінің мәліметі бойынша, 23 маусым күні Қостаанй облысындағы "Қайрақ" автокөлік өткізу бекетінде күзетте тұрған шекарашылар Қазақстаннан Ресейге өтіп бара жатқан жүк көлігінен 65 мыңнан астам "HEETS" маркалы электронды темекі тұтатқыштарын тапқан, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Аса ірі көлемдегі тауарды заңсыз шекара асырмақ болған Қазақстан Республикасының азаматы ұсталды.
"Келтірілген шығын сомасы - 27 млн 250 мың теңге. Заңсыз тауарлар тәркіленіп, процессуалдық шешім қабылдау үшін Қостанай облысының кіріс департаменті экспорттық бақылау мамандарына тапсырылды", - деп хабарлады ҚР ҰҚК Шекара қызметінің Қостанай облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі.

Қостанай облысы