Тағайындау
1 мин оқу 575

Павлодар қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

<p style="text-align: justify;">Қала әкімінің өкімімен Дархан Сақанов қала басшысының коммуналдық және жер мәселелері жөніндегі жаңа орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.</p>

Павлодар қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Дархан Қуандықұлы 1981 жылы туған, қазақ, техника ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі және инженер-құрылысшы мамандығы бойынша жоғары білім бар.

Еңбек жолын 2006 жылы бастаған. Мемлекеттік қызметте 7 жылдан астам жұмыс істейді. Еңбек жолын "Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты" АҚ-да бастады.

ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің Автомобиль жолдары комитетінде, "Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты" АҚ және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінде жұмыс істеді.

2019 жылдың қыркүйегінде "Жол активтері сапасының ұлттық орталығы" бас директорының орынбасары болып тағайындалған.

Бөлісу:
Павлодар қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар