Аймақтар
3 мин оқу 370

Алдағы демалыс күндері Қостанай облысындағы 6 қалада локдаун режімі енгізіледі

Аймақ тұрғындарына карантин жағдайында шектеу шараларын күшейту туралы үндеу жолдаған облыс әкімінің орынбасары Марат Жүндібаев "27-28 маусымда Қостанай, Рудный, Жітіқара, Лисаков, Арқалық, Тобыл қалаларында локдаун режімі енгізіледі", - деді.

Алдағы демалыс күндері Қостанай облысындағы 6 қалада локдаун режімі енгізіледі

Облыста эпидемиологиялық аһуал күрт құлдырап барады. Ресми мәлімет бойынша, соңғы 20 күннің ішінде 629 адам індет жұқтырған. Оның 369 симптомды коронавирусқа шалдыққан, ал260 адам індеттің клиникалық белгілері жоқ түрін жұқтырып, "вирус таратушылар" санатына қосылып отыр. Аймақта бүгінге дейін 192 науқас дертінен айығып, 3 адам көз жұмды.

Індеттің етек алып кетпеуін қамтамасыз ету үшін облыста 346 орындық провизорлық бөлімшелер, сондай-ақ 713 карантиндік госпитальдар жұмыс істеуде. Бұған 292 орындық инфекциялық бөлімерді қосыңыз.

"Облыста қазір 190 жасанды тыныс алу құрылғысы бар. Жуырда ғана облыс ауруханасына осындай 5 жаңа аппарат әкелінді. Маусым-шілде айларында қосымша 60 шақты аппарат келмек. Оның  35-і – стационарлық, 25-і – жедел медициналық көмек кезінде қолдануға арналған" - деді М.Жүндібаев.

Бүгінде "Ұлттық сараптама орталығының" облыстық филиалында 3 зертхана және "Олимп" клиникалық-диагностикалық зертханасы үздіксізжұмыс істеуде. Бұл зертханаларда тәулігіне 1600-гедейін талдау жүргізіледі.

Тағы бір аса маңызды мәселе – қоғамдық нысандардағы санитарлық талаптар сақталмай отыр. "Шектеу шараларына қарамастан кафелермен мейрамханаларда банкеттер, үйлену тойлары, мерекелік кештер толастар емес. Қаладағы 2 балабақшада екі қызметшінің індет жұқтырғаны анықталды. Осыларға байланысты карантин шараларын күшейту қолға алынып отыр. 23 маусымда балабақшалардың, спорт кешендерінің, қоғамдық тамақтану нысандарының қызметіне тыйым салынды. Мұның сыртында 27-28 маусымда Қостанай, Рудный, Жітіқара, Лисаков, Арқалық, Тобыл қалаларында локдаун режимі орнайды.

Локдаун режімі енгізілген қала тұрғындарынаүйден жұмыс үшін, ем алуға,дәрі-дәрмек, азық-түлік, қоқыс төгуге, жеке көлікпен саяжайға баруға ғана рұқсат етіледі. Ойын-сауық және сауда нысандары, базарлар, саябақтар жабылып, қоғамдық көліктер тоқтайды. "Әр азаматтың жауапкершілігі елдегі жағдайды түзеуге көмегін тигізеді. Сондықтан, ұсынылған шараларды сақтай отырып, өзіңізді және  жақындарыңызды індеттенқорғауға атсалсыңыздар", -деді М.Жүндібаев.

Қостанай облысы

Бөлісу:
Алдағы демалыс күндері Қостанай облысындағы 6 қалада локдаун режімі енгізіледі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар