Аймақтар
1 мин оқу 530
Алматыдағы Сайран көлінен қауіпті бактерия табылды
<p style="text-align: justify;">Алматыда Сайран көлінен қауіпті бактериялардың табылуына байланысты суға түсуге тыйым салынды. Бұл туралы Алмалы және Әуезов аудандарының әкімдіктері Facebook парақшаларында жариялады.</p>

"Құрметті тұрғындар! Сайран көлінің шығыс жағалауы жабылатынын хабарлаймыз. Себебі, "Ұлттық сараптама орталығы" РКК адам ағзасына қауіпті микроогранизмдердің барын анықтады. 25 маусымнан бастап Сайран көлінің шығыс жағалауында суға түсуге тыйым салынады", - деді Алмалы аудандық әкімдігінен.
Сонымен қатар, көлдің батыс жағалауында да осы бактериялардың табылуына байланысты Әуезов ауданында да суға түсуге тыйым салынды.
Бөлісу: