Қазақстан
1 мин оқу 790

ҰБТ-2020: Бесінші күннің аралық қорытындылары шықты

<p style="text-align: justify;">25 маусым күні ҰБТ 67 өткізу пунктінде болып өтті. Тестілеуге жалпы саны 11 940 түлек қатысты, оның ішінде қазақ тілінде &ndash; 9 568, орыс тілінде &ndash; 2 372. Бұл туралы БҒМ баспасөз қызметі хабарлады, - деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

91 түлек тестілеуге кіргізу кезінде тыйым салынған заттарды аудиторияға алып өтуге тырысқан үшін ҰБТ тапсыру мүмкіндігінен айрылды. Сондай-ақ тыйым салынған заттарды қолданғаны және тестілеу ережелерін бұзғаны үшін 42 түлек аудиториядан шығарылып, тестілеу нәтижелері жойылды.

Тестілеуге кіргізу барысында 1 түлекте жоғары температура анықталды, ол ҰБТ-ны басқа күні тапсыра алады. Жалпы, Ұлттық бірыңғай ұлттық тестілеу қалыпты режимде өтті.

Бөлісу:
ҰБТ-2020: Бесінші күннің аралық қорытындылары шықты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар