Аймақтар
2 мин оқу 1,711

«Белсенді ұзақ өмір» орталықтары ашылады

<p style="text-align: justify;">Мұндай орталықтардың ашылуы Еңбек және халықты әлеу&shy;мет&shy;тік қорғау министрлігі әзірлеген &laquo;Белсенді ұзақ өмір&raquo; Ұлттық жоспарында көзделген. Қазіргі уақытта құжат жобасы орталық мемлекеттік органдар мен әкімдіктер деңгейінде, сондай-ақ онлайн режімде &laquo;Ашық НҚА&raquo; порталында тал&shy;қы&shy;ла&shy;нуда, онда әрбір тілек білдіруші өз ұсыныстарын бере алады.</p>

«Белсенді ұзақ өмір» орталықтары ашылады

Белсенді ұзақ өмір орталығы – ересек адамдар ағылшын тілін үй­реніп, компьютерлік сауат­ты­лық курстарынан өтіп, емдік дене шынықтырумен, бимен және т.б. айналыса алатын бос уақы­тын өткізу мекемесі. Нәтижесінде, егде жастағы қазақстандықтар қоғам­ға белсенді түрде араласып, олар­дың психоэмоционалдық жағдайы жақсаруда. Әзірге мұн­дай орталықтар еліміздің бір­не­ше қаласында ғана жұмыс іс­тейді.

Алматы қаласы «Белсенді ұзақ өмір» орталығы іске қосылған Қазақстандағы алғашқы өңір бол­ды. Ол 2018 жылы маусым айында ашылды. Орталық 75 адамға есептелген, бірақ сұ­ранысқа байланысты күн сайын оған 350-ге жуық адам қатысты. 2019 жылдың со­ңына қарай қаланың барлық ауданда­рында дәл сондай 7 мекеме іске қосылды. Бағдарлама Дүние­жү­зі­лік денсаулық сақтау ұйымы әзірлеген қартаю проблемалары жөніндегі Мадрид халықаралық іс-қимыл жоспарының тұжырым­да­масын ескере отырып әзір­лен­ді. Қартаю мәселелері жөнін­дегі са­рапшылар бүкіл ел бойынша бел­сенді ұзақ өмір орта­лық­та­ры­­ның көп болуын барынша қа­жет­­ті және уақтылы шара деп атай­ды.

«Біздің ұйымымыздың бас­ты міндеттерінің бірі – аға буын­ның саламатты өмір салтын қол­дау болып табылады. Барлық өңір­лерде Белсенді ұзақ өмір орта­лық­тарының ашылғанына өте қуаныштымын. Өйткені БҰҰ есептеулері бойынша 50 жылдан кейін планетаның әрбір алтыншы тұрғыны егде жастағы адам болады. Сондықтан қазірден бас­тап қарт адамдарға сапалы, әр түрлі және белсенді өмір сүруді қам­тамасыз ету бойынша жұ­мыс­ты бастау аса маңызды», деді «Ардагер» ҚБ төрайымы Баян Ахметжанова.

Айта кету керек, соңғы 5 жылда 65 жастан асқан адамдардың үлесі 2 есеге артты. Нәтижесінде, ха­лықаралық стандарттарға сәй­кес, Қазақстан 2017 жылы халқы есей­ген елдер тобына кірді.

Бөлісу:
«Белсенді ұзақ өмір» орталықтары ашылады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар