Қазақстан шекарасынан кімдер кедергісіз өте алады?
<p style="text-align: justify;">ҰҚК шекара қызметі шекаралық бақылау департаменті басшысының орынбасары Ғани Ағаділов мемлекеттік шекарадан кімдер кедергісіз өте алатынын айтты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> тілшісі.</p>

"11 мамырынан бастап Қазақстанда Төтенше жағдай режимі тоқтатылды, алайда халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін карантиндік іс- шаралар жалғасып жатыр. Ведомствоаралық комиссиясының хаттамасымен мемлекеттік шекараны өткізу тәртібі бекітілді. Тәртіп талабына санитарлық эпидемиологиялық жағдай жақсарғанға дейін шекарадан өтуге уақытша шектеулер қойылған", - деді ол.
Ғани Ағаділов Қазақстан азаматтары ел аумағына кедергісіз қайтып келуіне, шетелдіктерге ел аумағынан шығуға рұқсат берілгенін атап өтті.
Сондай-ақ, ол мемлекеттік шекарадан кімдер кедергісіз өте алатынын айтты.
"Шектеулер дипломаттарға, ұшақ пен теңіз кемелерінің экипаждарына, пойыз бригадаларына, жүк көліктерінің жүргізушілеріне және тағы басқа тұлғаларға қолданылмайды. Шектеулерге қатысты толық тізбемен ҰҚК-нің knbgovkz сайтында shekaraknbkz аккаунттарында орналастырылған ақпараттармен танысуға болады", - деді Ғани Ағаділов.