Жаңалықтар
1 мин оқу 370

"Нұр-Сұлтан – Петропавл – Қорған" тас жолының 60%-ы аяқталды

<p style="text-align: justify;">Қазақстанның солтүстігінде республикалық маңызы бар "Нұр-Сұлтан &ndash; Петропавл &ndash; Қорған" автомобиль жолын қайта жаңарту жұмыстары жалғасуда. Жолды реконструкциялау жұмыстары 2017 жылы басталған болатын. Бұл туралы ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;хабарлайды.</p>

"Нұр-Сұлтан – Петропавл – Қорған" жолының Петропавл қаласынан Ресей Федерациясының шекарасына дейінгі 60 шақырымын қайта жаңарту жұмыстарын қазақстандық "К-Дорстрой" компаниясы жүзеге асыруда. Бүгінгі таңда жолшылар жол жабындысын жолдың 37 шақырымында ауыстырған. Сонымен қатар, су өткізгіш 22 құбырды және 4 мал өтпесін салу жұмыстары орындалды. Жолдың толық бойында 450-ден астам адам, техниканың 275 бірлігі жұмыс істеуде.

Қайта жаңарту жұмыстарынан өткен соң жол І және ІІ техникалық санаттарындағы жолға сәйкестендірілмек. Қазіргі таңда жұмыстардың 60% аяқталған. Қалыптасқан эпидемиялық жағдайға қарамастан, қозғалыс жыл соңына дейін жол учаскесінің толық бойында ашылатын болады.

Бөлісу:
"Нұр-Сұлтан – Петропавл – Қорған" тас жолының 60%-ы аяқталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар