Руханият
1 мин оқу 840

«Томирис» фильмі Еуропа елдерінде көрсетіледі

<p style="text-align: justify;">"Томирис" фильмі Еуропаның бірнеше мемлекетінде көрсетілетін болды. Бұл туралы фильмнің режиссері Ақан Сатаев Instagram парақшасында <a href="https://www.instagram.com/p/CB5J5UYHoD1/?igshid=162qtdi0dllan">жариялады</a>.</p>

«Томирис» фильмі Еуропа елдерінде көрсетіледі

"Құрметті достар! Қуанышты жаңалық! Канн онлайн-кинонарығы аясында біздің Arclight Films сату-агентіміз "Томирис" кинтуындысын халықаралық көрсетілімге шығару туралы сәтті мәмлелер жасағанын хабардар етті. "Томирис" фильмі: Франция (дистрибьюторы: SND Films), Италия (Blue Swan), Испания (Art Mood), Ресей (Paradise), Румыния (Program 4 Media), Түркия (Siyah Bayez Movies), Жапония (AT Entertainment), Таяу Шығыс (Gulf Film), Оңтүстік Корея (Challan), Сингапур (Shaw) елдерінде көрсетілімге шығады.

Бұл біздің фильміміздің халықаралық тарихының бастамасы ғана деп сенеміз", - деп жазды Ақан Сатаев.

1

1

Бөлісу:
«Томирис» фильмі Еуропа елдерінде көрсетіледі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар