Қазақстан
1 мин оқу 400

Еліміздің бес өңірінде ауа райы күрт өзгереді

<p style="text-align: justify;">Түркістан, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облысы және Өскемен мен Семей қалаларында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Қазгидромет РМК.</p>

Еліміздің бес өңірінде ауа райы күрт өзгереді

27 маусымда Түркістан облысының таулы аудандарында нөсер жаңбыр жауады. Кей жерлерде және Түркістан қаласында найзағай жарқылдап, дауыл соғады. Солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде желдің күші - 15-20, екпіні - 25 м/с жетеді.

Осы күні Шымкент қаласында кей уақытта күн күркіреп, дауыл тұрады. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

27 маусымда Қызылорда облысының кей жерлерінде және Қызылорда қаласында найзағай ойнайды, шаңды дауыл соғады. Солтүстік-батыстан соққан желдің қарқыны кей жерлерде 25 м/с децін күшейеді.

27 маусымда Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде күн күркірейді, дауыл тұрып, бұршақ жауады. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысып, кей жерлерде жел екпіні 23-28 м/с жетеді.

Өскемен және Семей қалаларында найзағай жарқылап, бұршақ жауады. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысып, екпіні 15-20 м/с болады.

Осы күні Петропавл қаласында күн күркіреп, дауыл соғады. 27 маусым тәулік бойы солтүстік-шығыстан жел соғады. Жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді.

Бөлісу:
Еліміздің бес өңірінде ауа райы күрт өзгереді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар