Жаңалықтар
1 мин оқу 255

Белгісіз біреулер Ливия премьер-министрін ұрлап әкетті

10 10-Liviya primer-ministrБүгін Ливия астанасы Триполиде белгісіз біреулер Ливия премьер-министрі Али Зейданды ұрлап әкетті. Бұл туралы «Скай ньюс – Арабия» телеарнасының берген ақпарына сілтеме жасаған ИТАР-ТАСС хабарлады.

Ливия үкіметі премьер-министрдің ұрланғаны жөніндегі деректі растады.

Келіп түскен ақпар бойынша, қаруланған адамдар Триполидегі үкімет басшысының штаб-пәтеріне басып кірген. Содан олар Али Зейданды қарумен қорқыту арқылы өздерінің көліктеріне отырғызып, іздерін жасырып үлгерген. Әзірге бұл қылмыстың артында кім тұрғаны белгісіз.

Айдар Өрісаев.

Бөлісу:
Белгісіз біреулер Ливия премьер-министрін ұрлап әкетті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар