Қоғам
1 мин оқу 3,060

Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі төмендеді

<p style="text-align: justify;">Биылғы бірінші тоқсандағы мәліметтерге сәйкес Қазақстанда 15-28 жас аралығындағы 78,9 мың жұмыссыз адам тіркелген. Бұл елдегі жұмыссыздар санының 17,8 пайызын құрайды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="http://finprom.kz/">finprom.kz</a>.</p>

Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі төмендеді

Бір жыл ішінде бұл көрсеткіш 5,8 пайыз қысқарды, ал жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3,8 пайызға дейін азайды (бір жыл бұрын – 3,9%). 

2

Сонымен қатар, 15-28 жас аралығындағы жастардың басым бөлігі Алматыда (15,7 мың адам), Алматы облысында (7,7 мың адам) және Түркістан облысында (6,4 мың адам) жұмыс іздеуде. Өз кезегінде 15-28 жас аралығындағы жұмыспен қамтылған жастардың саны 2020 жылдың бірінші тоқсанында 2 млн адамды құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен (2,1 млн адам) салыстырғанда 3,2% қысқарды. Әсіресе, Жамбыл (−22,4%), Шығыс Қазақстан (−13,9%) және Ақтөбе (−11,3%) облыстарында азайған.

1

Жалпы жұмыспен қамтылған жастардың ең көп саны Алматы облысында – 247,7 мың адам. Сонымен қатар, алғашқы үштікке Алматы (245,8 мың адам) және Түркістан облысы (175,5 мың адам) енді.

Жұмыспен қамтылған жастардың көп бөлігі сауда (365,9 мың адам немесе жалпы санның 18,1%), ауыл шаруашылығы, орман және балық шаруашылығы (241,9 мың адам немесе 12%) және білім беру (232,7 мың адам немесе 11,5%) сияқты салаларда белсенді жұмыс істейді.

2

Бөлісу:
Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі төмендеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар