Аймақтар
1 мин оқу 370

Павлодар облысында 36 көше жөнделеді

<p style="text-align: justify;">Жылдағыдай қазір&nbsp; де облыс&nbsp; орталығында абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Биыл қала бюджетінен бөлінген 1,2 млрд теңгеге 36 көше жөнделеді, - деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Павлодар облысында 36 көше жөнделеді

Қаланың  шеткі Южный, Лесозавод, Радиозавод деген әлі күнге атаулары өзгермеген шағын аудандардағы аттары  сол күйі тұрған Совхозная, Репин, Таганрогская, Молодогвардейская көшелері жөнделуде.

Сондай-ақ екінші Павлодар деп аталатын шағын аудандағы 5 көшенің жолына асфальт төселіп, жиектастар орнатылса, 8 көшеге қиыршықтас төселуде.

Ал, Қамзин көшесінің бірқатар бөлігі, Павлов, Амангелді және Абай көшелеріндегі жолдар асфальтталады.   

Қалалық әкімдіктің мәліметінше, Абай көшесін жөндеу жұмыстары шілде айында аяқталуы тиіс.

Бірақ тұрғындар Абай көшесіндегі жөндеу жұмыстарының дұрыс жасалмауына орай әкімдікке  хабарласқан.

Сондықтан әкімдік жаяу жүргіншілер жолына кеспетасты дұрыс  төсемеген, мердігерге ескерту жасады.

Мердігер компанияның өкілдері кемшіліктерді түзетуге әрі тұрғындардың талап-тілегін ескеруге уәде берді.

Павлодар

Бөлісу:
Павлодар облысында 36 көше жөнделеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар