Қазақстан
1 мин оқу 805

"Цифрлық сауат" пәні 1-сыныптан бастап оқытылады

<p style="text-align: justify;">2021 жылдан бастап "Цифрлық сауат" пәнін 1-сыныптан бастап оқитын болды. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, - деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

"Орта білім беруде 2013 жылға дейін ақпараттық техологиялар пәні 7-сыныптан басталып, ескірген мазмұннан тұрды. Одан кейін 5-сыныпқа түсірілді. Бірақ осы бағдарламаларда көбіне компьютер пайдалану, кеңселік қосымшаларды игеру сияқты қарапайым дағдылар бердік те, осы бағдарлама жаңартуды талап еткен болатын. Сондықтан енді 2021 жылдан бастап "Цифрлық сауат" пәні 1-сыныптан бастап енеді. Балалар алгоритмді, ақпараттық гигиена мен қауіпсіздікті, Scratch кодтау тілін үйренеді. STEM, 3Д-принтинг, робототехника негіздерін игереді", деді Асхат Аймағамбетов.

Бөлісу:
"Цифрлық сауат" пәні 1-сыныптан бастап оқытылады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар