Аймақтар
1 мин оқу 503

Алматы облысында жоғалған жасөспірім табылды

<p style="text-align: justify;">Алматы облысында үш күн бұрын із-түссіз жоғалып кеткен жасөспірім аман табылды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

28 маусым күні сағат 15.45-те Іле ауданының кезекші бөліміне арыз келіп түскен. Арызда 42 жастағы Көктерек аулының тұрғыны, 10 сынып оқитын, 16 жастағы баласының үшті-күйлі жоғалып кеткені туралы баяндайды. Сол күннен бері бала туралы әкесі еш хабар ала алмаған. Полиция өкілдері дереу іздеу жұмыстарына кіріседі.

Іздеу барасында жасөспірімнің жақын достарынан, ауылдағы тұрғындардан және туыстарынан сұрастыра келіп, оның көрші ауылдағы құрылыста жұмыс істеп жүргені анықталды. Аталған жайтта бозбала анасының ұялы телефонына хабарлама жібергендігі, бұл туралы әкесінің хабарсыз екендігі айтылды. Орын алған жағдайдан кейін тәртіп сақшылары ата-анасына және балаға түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Бөлісу:
Алматы облысында жоғалған жасөспірім табылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар