Аймақтар
1 мин оқу 586

Қостанай облысында шектеу шаралары ұзартылды

<p style="text-align: justify;">Бүгін облыстың бас санитарлық дәрігерінің орынбасары Юрий Севостьянов аймақта шектеу шараларын ұзарту жөніндегі қаулыға қол қойды.&nbsp; Қаулы бойынша бұған дейін қабылданған шектеу шаралары ұзартылады және 1 шілдеден бастап күшіне енетін мынадай қосымша талаптар енгізілді, - деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Қостанай облысында шектеу шаралары ұзартылды

- енді көшеде, саябақтарда 3 адамнан артық топталып жүруге тыйым салынады және 2 метрден кем емес арақашықтық сақтаулы шарт;

-     қоғамдық тамақтану нысандары тапсырыс берушілерге «үйге жеткізіп беру», «сыртқа алып шығу» тәртібімен ғана қызмет көрсетеді;

- білім беру орталықтарының, даярлық курстары мен сала мамандарын қайта даярлау курстарының, семинар және үйірме жұмыстарын жүргізуге тыйым салынады;

- спорт кешендерінің жұмыс істейіне тыйым салынады. Бірақ ашық ауада  20 адамнан аспайтын топпен жаттығу жұмыстарын өткізуге рұқсат етіледі;

- спорттық және өзге де бұқаралық шараларды өткізуге тыйым салынады;

- балаларға арналған демалыс орталықтарының жұмыс істеуіне рұқсат етілмейді. Балабақшаларда тек кезекші топтар ғана жұмыс істейтін болады.

⠀Қостанай облысы

Бөлісу:
Қостанай облысында шектеу шаралары ұзартылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар