Қоғам
2 мин оқу 1,170

229 оқушыға – «Алтын белгі»

<p style="text-align: justify;">Атырауда биыл мектепті 5 286 түлек бітірді. Олардың арасынан 11 жыл бойына үздік оқып, түрлі білім бәйгесінде жұлдызы жарқыраған 229 оқушы &laquo;Алтын белгіні&raquo; иеленеді. Ал 183 түлектің білімі &laquo;Үздік аттестатпен&raquo; бағаланды. Облыстық білім беру басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ақкенже Исанбергенованың мәлім етуінше, түлектердің 4 211-і ҰБТ тапсыруға өтініш беріпті. Бұған қоса колледждерді бітірген 834 түлек те тест тапсыруға ниет білдірді.</p>

229 оқушыға – «Алтын белгі»

Өңірлік коммуникациялар қыз­­­­­метінің мәліметіне сүйенсек, ҰБТ сынағы өзге өңірлер секілді Аты­рауда да 21 маусымда басталды. Сол күні Х.Досмұхамедов атын­дағы Атырау мемлекеттік уни­вер­ситетінің тестілеу орта­лы­­ғын­да сынаққа 222 түлек қатыс­ты. Тест тапсырушылардың бар­лығы санитарлық-эпидемиялық норма­ларға сәйкес, дезин­фек­циялаудың бес кезе­ңінен өтті.

Содан бері екі аптаға жуық мерзім өтсе де түлектер жина­ған жоғары балл туралы бірде-бір дерек жария етілмеді. Ал­ғашқы күні, тіпті одан кейін сы­нақта ҰБТ тапсырған түлек­тердің қаншасы жоғары балл жинағанын білгіміз келген еді. Алайда бұл әрекетімізден еш­­теңе өнбеді. Облыстық білім беру басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ақкенже Исан­бергенова ҰБТ орталығына сілтеді. Ал Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті жанындағы тес­тілеу орталығының жетекшісі Айнагүл Дүйсекенова телефон тұтқасын көтермеді.

 Дегенмен Білім және ғылым министрлігі ҰБТ тапсырудың ашық­тығы мен объективтілігін қам­­тамасыз етуге ұмтылыс та­ны­­тып отырғаны даусыз. Осы мақ­­­сатта еліміздің барлық өңі­рін­­де жұмыс тобы құрылды. Оның құрамына арнайы мони­то­­ринг топтың, «Атырау – адал­­­дық алаңы» жобалық кең­сесі­нің өкілдері мен агенттік қыз­меткерлері кірді.

Аталған топтың негізгі мақ­саты – тестілеуді өткізудің ашық­тығына мониторинг жүргізу. Мәселен, 24 мау­сым­­дағы жағдай бойынша Аты­рау облысында тыйым са­лынған заттарды алып өтуге жә­не пайдалануға тырысқан 32 түлектің ереже бұзғаны анық­талып отыр. Түлектердің кейбірі оқулықты жасырын түрде алып кіргісі келіпті.

Сыбайлас жемқорлыққа қар­сы іс-қимыл агенттігі Атырау об­­лысы бойынша департаменті­нің ұсынған мәліметіне сүйенсек, осындай келеңсіздіктердің қоры­тындысымен тестілеуге жол бер­меу және тестілеу залынан шығару актілері жасалыпты. Соның ішінде Атырау қаласында 12, Қы­зылқоға ауданында 4, Мақат ауданында 3, Индерде 4, Жылыойда 6 жә­не Исатай ауданында 2 жағдай тіркеліп отыр.

Әрине «...адам аласы ішін­де» дегендей, ҰБТ тапсыр­ған тү­­лектердің кейбірі осындай ке­леңсіз әрекет жасады. Алай­да олар­дың бәрі бірдей заң бұзу­шы­лыққа бармаған шығар. Ендеше, атыраулық түлектердің қан­шасы 100-ден жоғары балл жинады екен?..

АТЫРАУ

Бөлісу:
229 оқушыға – «Алтын белгі» · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар