Теннис
1 мин оқу 171

Бір күндегі үш жеңіс

<p style="text-align: justify;">Бұл күндері АҚШ-та теннистен All Lower level tournaments халықаралық турнирі өтіп жатыр. Бәсекеде бақ сынап жатқан отандасымыз Дмитрий Попко тәуір нәтиже көрсетуде.</p>

Бір күндегі үш жеңіс

Дүйсенбі күні жерлесіміз үш рет кортқа шығып, үш қарсыласын да қапы қалдырды. Алғаш канадалық Лиама Драксланы 6:3, 3:6, 10:3 есебімен тізе бүктірсе, одан кейін америкалық Эван Кингтен 7:5, 7:6 нәтижесімен басым түсті. Үшінші кез­десуінде Чили спортшысы Александра Табилоны 3:6, 6:1, 10:7 есебімен жеңді. Ал кеше жарыс қожайыны Эван Кингтен үш сетке созылған бәсекеде 4:6, 7:5, 11:9 есе­бімен айласын асырып кетті.

Сондай-ақ бұған дейін Дмитрий Попко тағы бір АҚШ өкілі Кэннон Кингслиді 7:6, 4:6, 10:4 ұпайымен жеңсе, кейіннен Аргентина теннисшісі Хорди Арконаденеге есе жіберген болатын. Айта кетейік, індет кезінде мұндай додалар жеңілдетілген ережемен және қатаң карантиндік талаптарды сақтай отырып өткізілуде.

Бөлісу:
Бір күндегі үш жеңіс · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар