Саясат
1 мин оқу 486

Электр стансалары ескіріп барады

<p style="text-align: justify;">Елімізде электр энергетикасы саласындағы активтерді жаңарту қажет. Себебі қолданыстағы қуат көздері өткен ғасырдың 60-70-жылдары салынған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Энергетика министрлігі Электр энергетикасын дамыту департаментінің директоры Айдос Дәрібаев айтты.</p>

Электр стансалары ескіріп барады

Биыл электр энергиясын өндіру секторына 80 млрд теңге инвестиция тартылуға тиіс. Алайда бұл қаражат станса жабдықтарын жаңғыртуға жетпейді. Ал стан­салардың тозу деңгейі жылдан-жылға артып барады. Қазір шамамен 60% ескірген. Яғни электрмен жабдықтау сапасына қауіп төніп тұр деуге болады.

– Бұл факт электр қуаттарының апаттық істен шығуы, тұтыну­шыларды электрмен жабдықтау сапасының төмендеуі сияқты оқиғалардың жиілеуіне, сондай-ақ көрші елдерге тәуелділіктің ұлғаюына себеп болып отыр. Мысалы, былтыр 3 996 техноло­гиялық бұзушылықтарға жол берілген. Биыл технологиялық бұзушылықтар саны 1,3%-ға азайды. Бірақ жылу беру кезеңінде ең көп жабдық іске қосыл­ғанда 135-ке немесе 6%-ға артып отыр, – дейді Айдос Дәрібаев.

Оның айтуынша, бұл жағдай Қазақстандық тұтынушыларды көрші елдерден электр қуатын реттеу жөніндегі қызметтерді жылына 8 млрд теңгеден астам сомаға сатып алуға мәжбүрлейді. Бұл да электр энергиясының түпкілікті бағасына әсер етеді.

Биыл энергия өндіруші ұйым­дардың шекті тарифтерінің орташа ұлғаюы 16% деңгейінде болжануда. Бұл ретте Қазақ­станның барлық аймағында электр энергиясын таратуды іске асыратын Екібастұз ГРЭС-1 шекті тарифі 0,7%-ға өседі. Электр стансаларының шекті тарифтерін уақтылы түзету алдағы күзгі-қысқы кезеңдерден табысты өтуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ 27 мың жұмыс орнын сақтауға жәрдемдеспек.

Бөлісу:
Электр стансалары ескіріп барады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар