Атырауда жүк көлігі отқа оранды
<p style="text-align: justify;">Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, шетелдік көлік бүгін түнде Махамбет ауданының аумағында өртенген, - деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

"Департаменттің диспетчерлік қызмет пультіне 1 шілдеде сағат 01:43-те Тандай ауылынан 6 шақырым жерде автокөліктің өртеніп жатқаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына өрт сөндірушілер жеткен кезде "Renault Magnum 440" маркалы фураның кабинасы мен қозғалтқыш бөлігі өртеніп жатты. Өртті сөндіруге авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің 4 қызметкері мен 1 техникасы жұмылдырылды. Жалын сағат 02:43-те толығымен жойылды", - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Мамандар өрттің шығу себебін анықтап жатыр.

