Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей билігіне алғыс айтты
<p style="text-align: justify;">Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Үкіметіне алғыс айтты. Бұл туралы Президент Twitter парақшасында <a href="https://twitter.com/TokayevKZ/status/1278229215620599813">жазды</a>.</p>

"Ресей Үкіметі коронавирус пандемиясына қарсы күресу үшін Қазақстанға гуманитарлық көмек беру туралы шешім қабылдады. Ресейдің жоғары басшылығына дер кезінде медициналық препараттар мен дәрілер жеткізгені үшін ризашылығымды білдіремін", - деп жазды Президент.
Айта кетейік, кеше Ресейдің вирусолог мамандарды Қазақстанға жіберетіні белгілі болған еді.
"Ресей тарапы Қазақстанға дәрі-дәрмек және шығыс материалдарымен бірге тест жүйелері түрінде гуманитарлық көмек көрсетуге, сонымен қатар жұқпалы аурулар госпитальдары мен вирусологиялық зертханаларды ашу бойынша мамандарды ҚР-ға жіберуге дайын екенін білдірді, - делінген ақпаратта.