Қостанай облысында орман өрті сөндіріліп жатыр
<p style="text-align: justify;">Қарабалық ауданында Талды ауылының маңындағы орманды алқап өртенді. Қызыл жалын 13,3 га құрғақ шөп пен 3,6 га орман ағашын шарпыған, - деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Мамандардың айтуынша, өрттің шығу себебі отты абайсыз пайдаланудан болған.
"Қазір өрт сөндіру жұмыстарымен Михайлов орман шаруашылығының 18 қызметкері және 9 техникасы, сондай-ақ "Тоғызбай-Агро" серіктестігінің ерікті өрт сөндіру құрылымдары айналысып жатыр. Бастысы, өрттің таралу қаупі жойылды. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ", - деп хабарлады облыстық төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметі.

Департамент мамандары тұрғындарды қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады.



Қостанай облысы