Семей қаласының әкімі коронавирус жұқтырды
<p style="text-align: justify;">Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов коронавирус індетіне шалдыққаны анықталды. Бұл туралы қала әкімі Facebook парақшасында <a href="https://www.facebook.com/photo.php?fbid=853437308476869&set=a.376003069553631&type=3&theater">жазды</a>.</p>

"Құрметті жерлестер!
⠀
Сіздерге келесі жағдайларды мәлімдеу міндетім деп есептеймін, бүгін Covid-19 анықтау мақсатында тапсырған тест оң нәтиже бергені белгілі болды.
⠀
Шектеулерге қарамастан көп адамдармен белсенді түрде тығыз байланыста жүргізілген жұмыстар өз әсерін көрсетті деуге болады.
⠀
Бүгінгі күннен бастап қатаң оқшаулау режимінде боламын. Мүмкіндігінше онлайн жұмыс жүргізуге тырысамын.
⠀
Барлық Семейліктерді сақтық шаралары мен санитарлық қызметтердің ережелерін сақтауға шақырамын. Өздеріңізді және жақындарыңызды сақтаңыздар", - деп жазды қала әкімі.