Қазақстан
2 мин оқу 513

Заңсыз қаруларды онлайн тапсыруға болады

<p style="text-align: justify;">1 шілдеден бастап республика аумағында халықтан заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу бойынша жыл сайынғы акция басталады. Бұл туралы <a href="https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/akciya-po-vykupu-nezakonno-hranyashchegosya-oruzhiya-budet-provedena-v-onlayn-formate?lang=kk">ІІМ баспасөз </a>қызметіне сілтеме жасай отырып&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;хабарлайды.</p>

Қару-жарақ заттарын ерікті түрде тапсырғаны үшін қарудың әр бірлігіне оның техникалық жай-күйіне байланысты комиссия шешіміне сәйкес сомасы оннан жүзге дейінгі айлық есептік көрсеткіш төлем көзделген.

Сыйақы төлемі қару-жарақ заттарын тапсырған адамдардың шотына аудару арқылы жүзеге асырылатын болады.

Ерікті түрде тіркелмеген атыс қаруын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды тапсырған адамдар қылмыстық және әкімшілік жауапкершікке тартылудан босатылады.

Еліміздегі эпидемиялық ахуалдың күрделенуін ескере отырып, қолда бар қару-жарақ заттарын тапсыруға ниет білдіргендер полиция органдарына бармай-ақ, полиция департаменттерінің сайтында көрсетілген "қауырт желі" телефондарына немесе "102" номеріне хабарласса жеткілікті.

Өтініштерді және халықта заңсыз сақталған қару-жарақ заттарын қабылдауды орындарға шыға отыра, ішкі істер органдарының қызметкерлері жүзеге асыратын болады. Бұрын оларды қабылдау аумақтық полиция органдарында жүргізілген болатын.

Жарылғыш материалдар мен оқ-дәрілерді тауып алған жағдайда олармен қандай да бір іс-әрекет жасамай, тек полиция бөлімшесінің көрсетілген телефон нөмірлеріне хабарлау қажет.

Анықтама: Халықта заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу бойынша акциялар 2012 жылдан бастап өткізіліп келеді. Бұл кезеңде халықтан  51 мың біріліктен астам қару және 2 млн. ойық қару патрондары сатып алынған. Бұл ретте атыс қаруын қолдана отырып жасалатын қылмыстар үш есеге (2012ж. 694-тен 2019ж. 238-ге дейін) төмендеді.

Бөлісу:
Заңсыз қаруларды онлайн тапсыруға болады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар