Руханият
1 мин оқу 370

Димаштың әндері грек радиосында шырқала бастады

<p style="text-align: justify;">Маусым айының басында Грекияның танымал "Radio1&nbsp;101FM" радиосында 30 минут&nbsp;көлемінде Димаштың әндері шырқалды.&nbsp;Бұл туралы&nbsp;dimashnews.com сайтына сілтеме жасап&nbsp;<a href="https://egemen.kz/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;хабарлайды.</p>

Димаштың әндері грек радиосында шырқала бастады

Аталған радиостанция қазақстандық орындаушының шығармашылығынан хабардар, жалпы, Димаштың әндерінің бұл толқында шырқалуы алғаш емес. 

1

2019 жылдың қыркүйек айынан бері Димаштың фан-клубының қатысушылары өз елінің жергілікті радиостанцияларына Димаштың әндерін қосу мақсатында электронды хаттар жолдай бастады.

2

Димаштың шығармашылығымен танысқан Солтүстік Грекиядағы танымал радиолардың бірінің продюсері Анастасия Конуопидің ерекше әсер алғаны сол, әншінің әндерін күн сайын эфирге шығаратын болды.

3

Қазақстандық әншінің әндері радио толқынында естіле бастағаннан-ақ Анастасияға көптеген сезімге толы және таңданыстарын жасырмаған хаттар легі келе бастады. Ал "DQGreece" фан-клубының қатысушылар саны күн санап арта бастады. Грекиялық Dears-тің ендігі арманы – Одеон Герода Аттика сахнасында Афины қаласының ашық аспаны астында Димаштың концертін өткізу.

Бөлісу:
Димаштың әндері грек радиосында шырқала бастады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар