Қоғам
1 мин оқу 1,100

Атырауда дәріхананы тонаған ұры ұсталды

<p class="s3" style="text-align: justify;">"Дәніккеннен &ndash; құныққан жаман" дегендей, бұған дейін бірнеше рет ұрлық жасап, соттталған жігіт тағы да қамалды, - деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Атырауда дәріхананы тонаған ұры ұсталды

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, күдікті маусымның 17-нен 18-не қараған түнде дәріхананы тонаған.

"Атырау қаласындағы Азаттық даңғылы бойында орналасқан дәріханалардың бірінің терезесін ығыстыру арқылы кіріп, ASER маркалы ноутбукты, дәрі-дәрімектерді қолды еткен азамат анықталды. Күдікті бұрын бірнеше рет ұрлық қылмысымен сотталған. Қазір 1984 жылғы күдіктіұсталып, сотпен оған қатысты "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды", деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру ҚР Қылмыстық Кодексінің188-бабының 3-бөлігімен (Үй-жайға заңсыз кіруімен жасалған ұрлық) жүргізілуде.

Бөлісу:
Атырауда дәріхананы тонаған ұры ұсталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар