Президент лауазымды тұлғаларға дипломатиялық дәреже берді
<p style="text-align: justify;">Қазақстан Республикасының Дипломатиялық қызмет күніне орай ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев келесі лауазымды тұлғаларға Төтенше және Өкілетті Елші дипломатиялық дәрежесін берді. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады, - деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>
- Асқар Оразалыұлы Шәкіров - ҚР Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары;
- Бауыржан Әлімұлы Мұхамеджанов - Қазақстанның Грузиядағы Елшісі;
- Ерлан Кеңесұлы Баударбек-Қожатаев - Қазақстанның Жапониядағы Елшісі;
- Роман Юрьевич Василенко - Қазақстанның Словакиядағы Елшісі.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысымен бірқатар қазақстандық дипломаттарға кезекті дипломатиялық дәрежелері мен ҚР Президентінің Құрмет грамотасы берілді.