Қоғам
1 мин оқу 1,271
Бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 30 адам қайтыс болды
<p style="text-align: justify;">Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда бір тәулікте коронавирустан және пневмониядан қайтыс болғандар туралы айтты, - деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>,</p>

"Соңғы тәулікте 10 пациент коронавирус инфекциясынан, 20 пациент пневмониядан қайтыс болды. Статистика толыққанды жарияланып келеді. Қазір біз біріккен статистикаға көштік, яғни симптомды әрі симптомсыз адамдар бірге көрсетіледі. Бұл, өз кезегінде еліміздегі нақты жағдайды түсіну үшін керек. Коронавирусқа шалдыққан әр адам індетті басқаларына жұқтыруы мүмкін. Біздің мақсат - қалыптасқан жағдайға дұрыс баға беру", - деді ол.
Бөлісу: