Жаңалықтар
1 мин оқу 303

Оралда бір азғын асырауына алған қызды зорлады

11 10-kizБатыс Қазақстан облысының Орал қаласында балалар үйінен тәрбиелеуге алған 16 жасар қыз баланы бір азғын зорлады. Бұл туралы «Уральская неделья» жазды.

Ары былғанған жасөспірімнің жамағайын туысы әлгі безбүйрек азаматтың бұрын сотталғанын айтып отыр. Жасөспірім бірде түн ішінде оның азғындық әрекетінен кейін өзін бұрын тәрбиелеген балалар үйіне түнеп шығуға барады. Бірақ, ондағы қызметкерлер ішке кіруіне рұқсат етпеген. Осы келеңсіздікке байланысты арыз да жазылды. Бірақ, өрімдей қызды зорлаған азғын әлі бостандықта жүр екен. Өйткені, оның қолында қайдан алғаны белгісіз «белсіздігі» туралы анықтама бар көрінеді.

Бақытбек Кенешұлы.

Бөлісу:
Оралда бір азғын асырауына алған қызды зорлады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар