Жаңалықтар
1 мин оқу 276

Ауғанстандағы НАТО күштерінің мандаты соңғы рет ұзартылды

11 10-OONБҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Ауғанстан аумағындағы НАТО күштерінің мандатын соңғы рет ұзартты. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады.

Мандат Ауғанстандағы қауіпсіздік мәселесі толығымен осы елдің бақылауына алынған уақытта, яғни 2014 жылдың 31 желтоқсанында күшін жояды. Халықаралық күштер дәл осы уақытқа дейін Ауғанстан аумағын толығымен босатуы тиіс.

Бірауыздан қабылданған қарарда Ауғанстандағы жағдайдың әлі де халықаралық қауіпсіздік пен бейбітшілікке қауіп төндіріп тұрғаны ескерілді. Сондай-ақ мұндағы «Талибан», «Аль-Каида» және өзге де экстремистік ұйымдардың аса белсенділігі назарға алынды.

Айдар Өрісбаев.

Бөлісу:
Ауғанстандағы НАТО күштерінің мандаты соңғы рет ұзартылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар