Аймақтар
1 мин оқу 360

Алматы облысында зейнеткерді соққыға жыққан ер адам ұсталды

<p style="text-align: justify;">Алматы облысы, Жаркент қаласының тұрғыны 77 жастағы қарт әйелді үйіне түн ауғанда баса-көктеп кіріп соққыға жыққан, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Жарақат алған қарт әйел шұғыл түрде Жаркент қаласының ОАА қабылдау бөліміне жеткізілген.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде қылмыс жасады деген күдікпен Жаркент қаласының 46 жастағы тұрғыны анықталып, ҚР ҚІЖК-нің 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Өкінішке қарай, соққыны көтере алмаған қарт әйел кеше көз жұмды. Аталған деректер бойынша ҚР ҚК 106 бабының 3-бөліміне тіркеліп, ісі сот алдына жіберілді.

Бөлісу:
Алматы облысында зейнеткерді соққыға жыққан ер адам ұсталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар