Саясат
1 мин оқу 200

Палдискиде Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды

<p style="text-align: justify;">Қазақстан Республикасының Дипломатиялық қызметі күнінде Харьюмаа, Ида-Вирумаа, Тартумаа және Ляяне-Вирумаа аумақтары консулдық округімен Қазақстан Республикасының Құрметті консулдығы салтанатты түрде ашылды. Мекеме басшысы ретінде Эстония Парламентінің экс-депутаты, "Talinna Linnatranspordi" АҚ басқарма төрағасы Денис Бородич тағайындалды. Бұл туралы&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.</p>

Палдискиде Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды

Қазақстан Елшісі Нұрлан Сейтімов өз сөзінде Құрметті консулдықтың ынтымақтастықтың барлық бағыттарындағы Қазақстан-Эстония қатынастарын дамытудағы, әсіресе елдер арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытудағы, сондай-ақ еліміздің азаматтары мен заңды тұлғаларының құқықтары мен мүдделерін қорғаудағы маңызды рөлін атап өтті.

Іс-шараға Ляяне-Харью ауданының басшысы Янус Саат, Палдиски теңіз портының басшылығы, дипломатиялық корпустың, Эстония Парламентінің (Рийгикогу), аймақтың іскер топтары мен жергілікті басқару органдарының өкілдері қатысты.

Бөлісу:
Палдискиде Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар