Технология
1 мин оқу 600

WhatsApp-та жаңа функциялар пайда болады

<p style="text-align: justify;">WhatsApp мессенджерінің жаңартылған нұсқасы бірнеше апта ішінде қолжетімді болмақ, - деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Енді WhatsApp қолданушылары бір-біріне анимациялық стикерлер жібере алады. Сонымен қатар жаңа контактілерді қосу қызметі жеңілдетілмек. Ол үшін пайдаланушының жай ғана QR-кодын сканерлеу қажет, сонда ол тізімде автоматты түрде пайда болады.

Сондай-ақ топтық бейнеқоңыраулар қызметіне де өзгерістер енгізілді. Алдағы уақытта бейнеқоңырауларға сегіз адамға дейін қатыса алады және олардың әрқайсысының бейнесі толық экранға шығарылады. WhatsApp Web нұсқасына қараңғы режим де қосылды.

Бөлісу:
WhatsApp-та жаңа функциялар пайда болады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар