Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
<p style="text-align: justify;">"Қазгидромет" РМК 4-6 шілде аралығындағы ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

"Қазақстан аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Кей жерлерде найзағай жарқылдап, нөсер жаңбыр жауады. Жел күшейіп, бұршақ түсуі мүмкін. Еліміздің солтүстігі мен орталығында ауа температурасы түнде біртіндеп 5-10 дейін, кей жерлерде 13 жылыға дейін төмендейді. Тек батыста Иран аудандарынан келетін құрғақ ауа массаларының ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы байқалады. Сондай-ақ ауа температурасының түнде 17-25 дейін, күндіз 32-40 жылыға дейін жоғарылауы мүмкін", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, Қарағанды облысында да тұрақсыз ауа райы сақталады. Кей аудандарында дауылды ескерту ықтималдылығы бар. Қарағанды мен Жезқазған қалаларында найзағай күтілуде. Солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.