Аймақтар
1 мин оқу 750

Атырауда 32 отбасы жаңа пәтерге көшті

<p style="text-align: justify;">Былтырдан бері өңір орталығындағы апатты тұрғын үйлер мен жатаханалардың тұрғындарын жаңа пәтерге көшіру қолға алынған еді.</p>

Атырауда 32 отбасы жаңа пәтерге көшті

"Өткен жылы А.Құнанбаев және Ж.Досмұхамбетов көшесіндегі 2 жатақхананың тұрғындары  "Береке" ықшамауданындағы жаңа үйге көшірілді. Ал,  биыл 2 апатты үйдің тұрғындарына жаңа пәтерлердің кілті табысталды. Атап айтқанда, М.Әуезов көшесінде орналасқан №22 үйдің тұрғындарына "Жұлдыз" ықшамауданындағы үйдден пәтер берілді.  Ал, Достық  көшесіндегі №14 үйдің тұрғындары "Береке" ықшамауданындағы жаңа мекенге көшірілді. Енді міне, "Бірлік" ықшамауданындағы АТП-1, АТП-2 мекен-жайындағы апатты деп танылған тұрғын үйлерден 32 отбасы "Жұлдыз" ықшамауданына қоныс аударды" деп хабарлады Атырау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылшығы бөлімінің мамандары.

Мамандардың пікіріне сүйенсек, қаладағы  апатты тұрғын үйлер мен жатаханалардың тұрғындарын көшіру  жалғаса береді.

Бөлісу:
Атырауда 32 отбасы жаңа пәтерге көшті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар