Қазақстан
1 мин оқу 981

5 шілдеден бастап қандай бағыттағы пойыздар тоқтайды

<p style="text-align: justify;">Бұл туралы&nbsp;"Жолаушылар тасымалы" АҚ бас директорының міндетін атқарушы&nbsp;Асылхан Қалдыкөзов айтты, - деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Ағымдағы жылғы 5 шілдеден бастап "Алматы-Сарыағаш" (№321/322) бағытындағы пойыздың жүруі уақытша тоқтатылады.

4 бағыт бойынша пойыздардың жүру кезеңділігі қысқартылады:
• "Алматы-Нұр-Сұлтан" (№3/4) күнара (күнсайынның орнына);
• "Алматы-Павлодар" (№31/32) күнара (күнсайынның орнына);
• "Нұр-Сұлтан-Өскемен" (№67/68) күнара (күнсайынның орнына);
• "Нұр-Сұлтан-Достық" (№257/258) аптасына 1 рет (аптасына 2 рет орнына).

Бұдан басқа, бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес 22 бағыт бойынша қала маңындағы пойыздардың қозғалысы уақытша тоқтатылады, 8 бағыт бойынша жалпы вагондар алынып тасталады, 6 "Talgo" пойызында отыруға арналған орындары бар вагондар жабылады.

Бөлісу:
5 шілдеден бастап қандай бағыттағы пойыздар тоқтайды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар