Елбасы Қазақстанның болашағына қатысты ойымен бөліседі
<p style="text-align: justify;">Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай "Пусть следующие поколения сделают лучше меня..." деректі фильмін түсіру барысындағы кейбір деректермен бөлісті, - деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

"Жоба атауы - бұл фильмге сұхбат жазу барысында Елбасы айтқан сөз. Нұрсұлтан Назарбаев осынау сөз орамымен бүкіл өмірін, Қазақстанның Тұңғыш Президенті лауазымында гүлденген мемлекет құруға, қазақстандық қоғамды үлесімділік пен әл-ауқатқа қол жеткізуге арналған қызметін атап өтеді. Бүгінде ол өз ісін жалғастырып, еліміздің тәуелсіздігін нығайтатын, халқымыздың бейбітшілігі мен бірлігін сақтайтын қазақстандықтардың келесі буынына үлкен сенім артады", деді Айдос Үкібай.
Сондай-ақ деректі фильмді қашан көрсететінін айтты.
"Нұрсұлтан Назарбаевтың осы және өзге де сауалдарға жауабын есту үшін деректі фильмді "Хабар" телеарнасынан 6 шілде күні сағат 21-40-та, "КТК" телеарнасынан 7 шілде күні сағат 20-00-де тамашалауға кеңес береміз", - деді Айдос Үкібай.