Аймақтар
1 мин оқу 381

Алматыдағы әскери институт он төртінші түлектерін шығарды

<p style="text-align: justify;">Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты "лейтенант" алғашқы офицерлік шенін ұсына отырып, 14-ші рет түлектерін ұшырды, - деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Алматыдағы әскери институт он төртінші түлектерін шығарды

Биыл 8 мамандық бойынша 141 курсант әскери оқу орнын тәмамдап, олардың 9-ы үздік дипломмен марапатталды.

РЭжБӘИИ баспасөз қызметінің мәліметінше, "Бүгін сіздер офицер погонын тағып, жоғарғы әскери оқу орнын бітіргені туралы дипломға ие болдыңыздар. Нағыз ер-азаматтарға тән мамандықты таңдаған соң намыс туын биікте ұстап, "Қазақстан әскерінің офицері" деген жоғары атқа лайық боласыздар деген сенімдемін", деді әскери институт бастығы генерал-майор Асқар Мұстабеков.

Жас лейтенантар оқу барысында жоғары жетістіктерге қол жеткізіп, ата-аналарының үміттерін ақтауға тырысып баққандарын жеткізді.
"Әскери институт қабырғасында болған 5 жылда білім мен достықтың қадіріне жеттім. Біздің иығымызға погонмен қоса еліміз үшін жауапкершілік пен үлкен міндет жүктелді. Халқымыз бен оның Президенті – Жоғарғы Бас Қолбасшысының сенімін ақтаймыз, ақтық деміміз қалғанша адал қызмет етеміз", - деді оқу үздігі Ерназар Темірғалиев.

Әскери оқу орнында тек қазақстандықтар ғана емес Ұжымдық қауіпсіздік келісімі ұйымының бағдарламасы бойынша Қырғызстан мемлекетінің өкілдері де білім алуда. Бүгінгі күнге дейін 9 қырғызстандық курсант оқып бітірсе, тағы 11 курсант институт қабырғасында білімдерін шыңдауда.

ҚР Қорғаныс министрлігіне қарасты Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты Орта Азия аймағы бойынша радиотехникалыө мамандықтар бойынша мамандар дайындайтын жалғыз әскери оқу орны.

Бөлісу:
Алматыдағы әскери институт он төртінші түлектерін шығарды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар