Жаңалықтар
1 мин оқу 232

Елшімен екіжақты әңгіме

Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Икрам Адырбеков Грузияның Қазақстандағы елшісі Зураб Патарадземен кездесті, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.

Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Икрам Адырбеков Грузияның Қазақстандағы елшісі Зураб Патарадземен кездесті, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.

Кездесуде Қазақстан мен Грузияның өзара ауқымды іс-қимылы, оның ішінде екі елдің заң шығару органдары арасындағы ықпалдастық мәселелері тал­қыланды. И.Адырбеков жоға­ры деңгейдегі саяси үнқа­тысу және экономикалық ынты­мақ­тас­тықтың зор әлеуетін атап өтті.

З.Патарадзе екіжақты өзара іс-қимылдың жағдайы және Астанадағы Грузия елшілігінің ағымдағы қызметі туралы хабардар етті. Грузин тарапы парламентаралық байланыстарды, әсіресе, ынтымақтастық жө­ніндегі парламенттік топтар деңгейінде үдетуге әзір, деді дипломат.

Жүздесушілер кедендік әкім­шілендіру, көлік, туризм, мемлекеттік органдар арасындағы тәжірибе алмасу және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара іс-қимыл мәселелеріне егжей-тегжейлі тоқталды.

З.Патарадзе биылғы қа­зан айының соңында өтетін президенттік сайлау қарсаңын­дағы Грузияның әлеуметтік-эко­номикалық дамуы және ішкі сая­си жағдайы туралы әңгімеледі.

Кездесуге сондай-ақ, Се­нат­тың Қаржы және бюджет ко­митетінің хатшысы Ертарғын Астаев қатысты.

Бөлісу:
Елшімен екіжақты әңгіме · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар