Дәрі-дәрмекті пайда көзіне айналдырғандар жазаланады
<p style="text-align: justify;">Дәрі-дәрмектерді пайда көзіне айналдырғандар туралы Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты, - деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>
"Бүгін ғана Шымкент қаласында осындай пиғылмен жұмыс жасаған бір азамат қолға түсті. Сондықтан осындай нақты іс-шаралар бүкіл Қазақстан бойынша жүргізілетін бүкіл азаматтардың бәріне, әсіресе осы дәрі-дәрмектің айналасындағы жағдайды ескере отырып, пайда тауып қалуды көздейтін азаматтарды ескертіп айтқым келеді. Бұл тікелей Президенттің қарауындағы сұрақ. Сондықтан осы жағдайды ескеріңіздер. "Кемедегінің жаны бір ғой", сондықтан бір-бірімізді қолдап, бір-бірімізге нақты шешімі бар жолдармен жүргеніміз дұрыс болар", деді Ералы Тоғжанов.