Президент
1 мин оқу 183
Негізсіз қымбаттауы реттеледі
<p style="text-align: justify;">Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter же­­лі­сінде елі­мізде дәрі-дәр­мек­­т­ердің ба­ға­сын негізсіз қымбат­тат­қан­дар жа­уапқа тартылатынын мә­лімдеді.</p>

«Азаматтарымыздың дәріханалардағы аса қажетті дәрі-дәрмектердің негізсіз қымбаттауына байланысты шағымдары орынды. Пандемия кезінде бұған жол беруге болмайды. Үкімет пен құқық қорғау органдарына аталған мәселені реттеу тапсырылды. Кінәлілер жауапқа тартылады», деп жазды Мемлекет басшысы әлеуметтік желідегі парақшасында.
Бөлісу: