Қоғам
1 мин оқу 161

6 мың адам қаржылай көмек алады

<p style="text-align: justify;">30 маусымнан бастап Қос&shy;танай облысының 11 ауданында тұратын мұқтаж жандар үшін төртінші транш бойынша төлемдер басталды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған &laquo;Birgemiz&raquo; қоры бұған дейін Қостанай, Рудный, Арқалық және Лисаков қалалары мен Жітіқара, Қостанай, Меңдіқара, Федоров және Алтынсарин аудандарында тұратын 22 мыңға жуық мұқтаж жанға 50 мың теңгеден 3 рет демеуқаржы аударған болатын.</p>

6 мың адам қаржылай көмек алады

«Жеке шотына 50 мың теңге түскен азаматтардың барлығына «Sizdiń shotyńyzga #Birgemiz qorynan 50 000 tenge keliptusti. #Biz Birgemiz, Elbasу, «Nur Otan» деген мазмұнда sms хабарлама қоса келіп түседі.

Мұқтаж жандардың тізімін жер­гілікті жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, сондай-ақ Зейнетақы төлейтін мем­лекеттік орта­лықтар жасаған. Бұл тізімге қазірше 5684 адам тіркелген. Тізімге енбей қалған тұрғындар жергілікті жердегі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағ­дарламалар бөліміне жүгіне алады», деп хабарлады Nur Otan партия­сы облыстық филиа­лының баспасөз қызметі.

Қостанай облысы

Бөлісу:
6 мың адам қаржылай көмек алады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар