Аймақтар
1 мин оқу 150
Алматыда 150 адамға арналған тағы бір стационар ашылады
<p>Алматы қаласының әкімі Бақытжан сағынтаев медициналық мекемелердегі төсек-орын мөлшеріне қатысты мәлімет берді, - деп хабарлайды <a href="https://egemen.kz/">Egemen.kz</a></p>
Оның мәліметінше, бүгінде өңірде 4232 төсек-орны бар 19 стационар жұмыс істеуде. Эпидемия басталған уақытпен салыстырғанда бұл көрсеткіш 9 есеге өскен. Айта кету керек, ертең 150 адамға арналған тағы бір стационар ашылғалы отыр.
Апта соңына дейін урология ғылыми орталығы базасында тағы 150 адамға арналған стационар ашу жоспарда бар. Сондай-ақ, бұған дейін хабарлағанымыздай, "Халық арена" базасында стационар ашылады. Оның алғашқы 200 төсек-орны осы аптаның соңында пайдалануға берілмек.
Бөлісу: