Елорда
1 мин оқу 240
Нұр-Сұлтанда Елорда күніне арналған отшашуды онлайн тамашалауға болады
<p style="text-align: justify;">Бүгін Нұр-Сұлтанда Елорда күніне мерекелік отшашу өтеді, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.</p>

Тікелей эфир сағат 23:00-де "Хабар24" телеарнасында көрсетіледі. Отшашу Есіл өзенінің (Орталық саябақ) жағалауында, Ботаникалық бақ (Қабанбай батыр даңғылы жағынан) және Пушкин – Абылайхан көшелерінің қиылысында басталады. Отшашуға бюджеттен қаржы бөлінбеген – шара демеуші қаражаты есебінен ұйымдастырылады. Тұрғындар санитария нормаларын қатаң сақтауы керек: маска тағып, әлеуметтік қашықтық сақтауы және антисептик қолдануы тиіс.
Бөлісу: