Аймақтар
1 мин оқу 750

Текеліде тутұғыр орнады

<p style="text-align: justify;">Жетісудың жақұты &ndash; Текелі қаласында Ата Заңның 25 жылдығы мен елорда күніне орай тутұғыр орнатылды. &laquo;Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020&raquo; бағдарламасы бойынша жүзеге асқан 13 жобаның бірі &ndash; тутұғырдың орнауы қала экономикасы өркендеуінің жаңа бір нышаны болғандай.</p>

Текеліде тутұғыр орнады

Көк байрағымызды кө­теру құрметі қала тұрғыны, киокушинкай каратэден Азия және Әлем чемпионы Әсемай Акрамбекке бұйырды. Биік­тігі 25 метр болатын тутұғыр Текелі тауларымен таласа бой көтеріп, көш жерден көз тартып, кіші қаланың көркіне көрік қосып, көркем табиғатпен жарасып тұр.


Тәуелсіздік алаңына орна­тылған тутұғыр Текелі тұрғындарының елорда күніне тартуы болды. Моно­­қаланың халқы бұдан бұрын да ұзындығы 38 шақы­рымды құрайтын Д.Қонаев атындағы көшені мақтаныш тұтқан болса, енді оған қаланың көрнекі белгісінің бірі болып тутұғыр да қосылды.

Бөлісу:
Текеліде тутұғыр орнады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар