Руханият
1 мин оқу 360

Рекордтар кітабына күймен кірді

<p style="text-align: justify;">Былтыр Амангелді ауданында өткен астана мерейтойы мен Ұлттық домбыра күніне арналған мерекеде мың домбырашы халық күйі &laquo;Келіншек&raquo; пен Құрманғазының &laquo;Балбырауынын&raquo; қосыла орындап, бүкіл Батпаққара даласын күймен тербеткен еді. Өңірге белгілі өнерпаз Олжас Қылдыбаев дирижерлік еткен күйшілер мыңдығының құрамында 5-сынып оқушысынан бастап 90 жас&shy;ты алқымдап қалған қарияларға дейін болған.</p>

Рекордтар кітабына күймен кірді

«Осы іс-шараны бейнетаспаға түсіріп, құжаттарын реттеп халық­аралық ұйымның Со­чидегі кеңсесіне жолдадық. Ре­корд­ты тексерушілер құжат­тар­дың дұрыстығын қарап, қа­тысушыларды мұқият санап шықты. Рекордқа негіз болған басты нәрсе – 17 мың ғана халқы бар ауданнан 1000 домбырашы шығып, бәрі қо­сылып 2 күйді нақышына келтіріп орындауы. Сондықтан олар біздің іс-шараны Гиннестің рекордтар кітабына енгізіп отыр. Бұл туралы сертификат таяу­да ғана қолымызға тиді», деді аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұрлыбек Тәжин.

Ауыл күйшілерінің рекордтар кітабына енгенін куәландыратын халықаралық сертификатта «Ең көп домбырашының қатысуымен ауылдық мекенде орындалған қазақтың дәстүр­лі аспаптық пьесасы. Гиннес рекор­дына 1000 орындаушы тіркелді. Рекордты ұйымдастырушы: Қостанай облысы, Амангелді ауданының әкім­дігі», деп жазылған.

Бөлім басшысының айтуынша, биыл елорда мерейтойы қарсаңында ауданның мыңнан астам домбырашысы 5 күй орындауды жоспарлап қойған. Алайда шектеу шараларының күшеюіне байланысты, бұл шара кейінге қалдырылып отыр.

Қостанай облысы,
Амангелді ауданы,
Амангелді ауылы

Бөлісу:
Рекордтар кітабына күймен кірді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар