Аймақтар
1 мин оқу 840

Ақтөбеде жоғалып кеткен мектеп оқушылары табылды

<p style="text-align: justify;">Ақтөбеде екі баланың жоғалғаны туралы шағым келіп түсті. Бұл туралы Ақтөбе қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> хабарлайды.</p>

3 шілде күні полицияға қала тұрғыны хабарласып, 14 жастағы қызының жоғалып кеткені туралы арызданады.

Жасөсіпірім 30 маусымда кешке үйден шығып кетіп, қайтып оралмаған. Жедел іс-шаралар жүргізу барысында қыз баласы табылды. Анықталғандай, ол құрбысының үйінде болған.

Ал 5 шілде күні "102" телефонына Ақтөбе қаласының тұрғыны арызданған. Ол  тоғызыншы сыныпта оқитын қызының 4 шілде күні үйден шығып кетіп, қайтып келмегенін хабарлады. Сол күні жасөспірім құрбысының үйінде қонақта болған.

Бөлісу:
Ақтөбеде жоғалып кеткен мектеп оқушылары табылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар