Қазақстан
1 мин оқу 310

Нұр-Сұлтаннан Балқашқа 9 мың теңгеге ұшуға болады

<p style="text-align: justify;">Qazaq Air әуе компаниясы құны 9 мың теңге болатын Нұр-Сұлтан &minus; Балқаш әуе рейстерін орындайды. Бұл туралы ИИДМ Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасай отырып <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> хабарлайды.</p>

Осы әуе рейстердің жиілігі аптасына 4 рет болады (ұшу саны аптасына 10 рейске дейін артады).

Сондай-ақ Qazaq Air аптасына 4 рейс жиілікпен және 16 000 теңге тарифпен (ұшу саны аптасына 11 рейске дейін артады) Нұр-Сұлтан –Үшарал бағыты бойынша рейстерді орындайды).

Алматы − Жезқазған бағыты бойынша жиілігі аптасына 2 рет 20 000 теңге тарифпен (ұшу саны аптасына 4 рейске дейін артады). Рейстер 76 және 86 орындыққа негізделген.

Аталған рейстер 385,1 миллион теңге көлемінде субсидия есебінен беріліп отыр. Бұл ақшаны бұған дейін Нұрсұлтан − Токио әуерейсі үшін пайдалану жоспарланған еді. Бірақ оны коронавирус салдарынан тоқтатты.

Бөлісу:
Нұр-Сұлтаннан Балқашқа 9 мың теңгеге ұшуға болады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар