Аймақтар
1 мин оқу 190

"Ramada Plaza" қонақүйінде 500 орындық стационар ашылды

<p style="text-align: justify;">Елорда әкімі Алтай Көлгінов&nbsp;Нұр-Сұлтан қаласында ашылған қосымша стационарлар туралы айтып берді, - деп хабарлады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

"Карантин басталған уақытта 3 стационар (1000-ға жуық орын) болса, қазіргі уақытта стационар саны 13-ке (немесе 3700-ден астам орын бар) көбейді. Қазіргі уақытта оның 87%-ы толды. Дәрігерлер азаматтарды емдеу үстінде.

Жүкті әйелдерге арнайы перинаталды орталық ашылды. Республикалық ұлттық ғылыми орталығында 240 орын аштық. Оның 40 орны - реанимация, кардиоорталықта 60-тан астам ауыр халдегі азаматтарға арналған реанимация ашылды. №1 аурухана толықтай коронавирус стационарына ауысты. Ол жердегі пациенттер басқа аурузханаға жіберілді. "Ramada Plaza" қонақүйінде 500 орындық стационар ашылды. Оның 60%-ы науқастармен толтырылды.

Егер эпидемиологиялық жағдай күрделенетін болса, қосымша 1000-нан астам орын ашуға әзірлендік", деді Алтай Көлгінов.

Бөлісу:
"Ramada Plaza" қонақүйінде 500 орындық стационар ашылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар