Медицина
2 мин оқу 245

Иммундық плазманың алғашқы доноры

<p style="text-align: justify;">Иммундық плазма әдісі, яғни емделуші&shy;лерге сауықтырылған қан плазмасын құю ал&shy;ғаш рет ағымдағы жылдың ақпан айынан бастап Қытайда қолданылған болатын. Қытайлық медицина қызметкерлерінің зерттеу нәтижелері бойынша, емделу&shy;шілерде олардың сауығуы кезінде жи&shy;налған плазмада коронавирустың дамуын бейтараптандыруға қабілетті антиденелер болды.</p>

Иммундық плазманың алғашқы доноры

Сәуір айынан бастап бұл процедура Ресейде қолданылды, Қазақстанда бұл емдеу әдісі осы жылдың 15 сәуірінде ресми түрде клиникалық хаттамаға енгізілді. Қандай да бір инфекцияларды бас­тан кешірген пациенттерді плазмамен емдеу әдістемесі бұрыннан белгілі және тиімдірек болып табылады. Қазақстандықтардың арасында белгілі бір ауруға шал­дығып, сол ауруды жеңген­дердің плазма құюына мүмкіндік беріліп отыр. Бұл тұрғыда Маңғыстау облысының қан орталығы алғаш­қы донорларды қабылдауға да­йын екендігін мәлімдеді. Коро­навирусты жеңген және иммундық плазмамен бөлісуге шешім қабыл­дағандар үшін орталық пен кабинеттерге жеке кіру мүмкіндігі қа­растырылған.

Басқа донорлармен олар кездеспейді. Әлеуетті донор COVID-19 антиденелерінің бар-жоғына алдын ала талдау тапсырады, олардың бар-жоғы расталғаннан кейін донорды плазмаферез рәсіміне шақырады. Процедура стандартты, қалыпты плазмадан айырмашылығы жоқ. Бірінші кезекте донор сауалдама толтырып, базаға тіркеліп, алғашқы зертханалық тест тапсыруы керек, бұл гемоглобин, қан тобы, резус-фактор және АЛТ бауыр көрсеткіштері сынды сынамалардан тұрады.

Барлық сұрақтар бойынша дәрігердің қабылдауында болған донорға жан-жақты түсіндіріледі. Әсіресе адамның бойын, салмағын, қан қысымын, температурасын өл­шейді, әрі қарай құпия әңгіме жүр­гізіледі. Иммундық плазма донорларына қойылатын талаптар стандартты. Стационардан шыққаннан кейін кем дегенде екі апта үй карантинінде болуы тиіс. Бір донордан 2-3 дозаны алуға болады. Иммундық плазманы әр- түрлі пайдалануға болады, бірақ міндетті түрде медициналық талаптар сақталуы тиіс. Плазманы үш жыл бойы мұздатуға және сақтауға болады. Алайда мамандар бұл дәрі-дәрмектерге балама емес екендігін айтуда.

Маңғыстау облысы

Бөлісу:
Иммундық плазманың алғашқы доноры · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар